«Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің конгресі аясында Қазақстанның Халық банкі және «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесі арасында әйелдер бизнесіне 5 және 7% жылдық мөлшерлемеде несие беру бағдарламасын іске қосу туралы Меморандумға қол қойылған болатын. Бағдарлама арқылы әйелдерге қызмет ету саласын шектемей, бизнесін дамытуға 10 миллион теңге дейін қаражат көлемінде несие алуға болады. Несие 7 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Несие алуға арналған өтінімді «Атамекен» ҚР ҰКП Өңірлік Іскер әйелдер кеңестері қабылдайды. 1,5 миллиард теңге сомасындағы микрокредит 2018 жылдың соңына дейін беріледі.