8 наурыз Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!

2020-03-08 07:06:24

 

Қымбатты іскер ханымдар, қыз-келіншектер!

Баршаңызды көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! 

Бұл  нәзік жандылар  асыға күтетін күннің бірі. 8 наурыз мерекесінің өзіне ғана тән ерекшелігі бар! Бір күнде барлық ақжаулықты аналардан бастап, салиқалы апаларымыз, бизнестегі ханымдар мен жауқазындай сіңлілеріміз  шексіз ықылас пен мейірімге бөленіп жатады.

Әйел жаны қаншалықты нәзік болғанымын, оның алақанына тең келер жылулық жоқ!  Бизнес заңы қаншалықты  қатты болғанымен, іскер ханымдар дөңгелетпес шаруа қалмасы анық!  Отбасы мен ошаққасын тең сыйлаған биязы келіншектерге де ортамыз қашанда толы.   Ал жас өркен қыздарымыз білімге де, кәсіпке де ынталы!

Баршаңызға мереке ұмытылмас әсер қалдырсын! Қолға алған әр іс оңынан болсын! Әр  отбасында амандық пен береке  қатар жүрсін! Бастысы,  жеке басыңызға да, төріңізге де бақыт қонсын!

 

Өздеріңізге аса құрмет білдіруші

«Атамекен» ҚР ҰКП

 Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы

 

Лаззат Рамазанова