ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның төрайымы қызметіне Лаззат Рамазанова тағайындалды

2020-05-11 13:21:00

Лаззат Рамазанова ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның төрайымы қызметіне тағайындалды.  

Лаззат Рамазанова Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетін, (1990-1995), Қазақ мемлекеттік заң академиясын тамамдаған (1998-2001).

Еңбек жолын банк жүйесінде бастаған (1994-1995).

1995-1998 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы  Бас консулдығында қызмет еткен. 1998-1999 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз-атташесі, Әкімшілік және бақылау департаментінің атташесі қызметінде болған.

1999-2002 жылдарда ҚР Қаржы министрінің хатшылығында қызмет еткен. Ал 2002 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Халықаралық қаржы қатынастары департаментінің бөлім бастығы болған. 2003-2005 жылдарда «Dala tour» ЖШС бас директоры қызметін атқарған.

2006-2007 жылдарда  ҚР Қаржы министрлігі аппаратының басшысы, ал 2007 жылдан 2008 жыл аралығында ҚР Қаржы министрлігі дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары қызметінде болған.2008-2009 жылдарда  ҚР ҚМ Қаржылық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша Қаржы бақылау инспекциясы бастығының орынбасары қызметін атқарған.

2011-2013 жылдарда – ҚР ҚМ Қорғаныс, құқық қорғау жүйесі және мемлекеттік органдар саласындағы бюджеттік бағдарламалардың орындалуын талдау, олардың іске асырылуын бағалау және жоспарлау департаментінің директоры қызметінде болған.

2013 жылдан 2019 жыл аралығында ҚР «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасының хатшылығын басқарған. 2015 жылдан бері  ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, сондай-ақ ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі болып табылады.

2019 жылы ҚР «Атамекен» ҰКП басқарма мүшесі, Басқарма төрағасының орынбасары қызметінде болған. 2019 жылдың қазан айынан бері ҚР «Атамекен» ҰКП Төралқа мүшесі. 2020 жылы  «ECOJER» Қазақстандық экологиялық аймақтық бастамалар қауымдастығы Кеңесінің төрайымы қызметін атқаруда.