Тараз бен Қостанайдың іскер әйелдері Мақтааралға гуманитарлық көмек жіберді

2020-05-11 13:20:00

«Атамекеннің» өңірлік іскер әйелдер кеңесі Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек жіберді. Еріктілер мен көлік иелері жүкті тегін жеткізуге көмектескен.

Әйгүл Ақшалованың бастауымен Жамбыл облысының Іскер әйелдер кеңесі Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге алғаш көмек көрсеткендердің бірі. «Шебер мекені» қауымдастығы еріктілер арқылы төсек-орындар, киім-кешек, аяқ-киім, ыдыстар мен бірреттік қолданысқа жарамды медициналық маска жинап жіберді.

«Қиындыққа қарамастан көмектесіп отырған адамдарды көргенде көңіл толқитыны анық. Осындай қиын жағдайға тап болған Түркістан облысының тұрғындарын қолдап, оларға көмек көрсетуге ат салысқандарға ризалығымды білдіргім келеді», - деді Әйгүл Ақшалова.

Костанайлық жүк тасымалдаушылар Түркістан облысына гуманитарлық көмек жинап, оны тегін жеткізетіні жайлы жаңалық әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы тез тарады. Қала тұрғындарының көбі бұл бастаманы қолдаған. Су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға азық-түлік жинап, өз тарапынан көмек көрсеткен.

Бастамаға бірден қосылғандардың арасында Наталья Булатова бастаған костанайлық Іскер әйелдер кеңесі (ІӘК) де бар.

«Аз уақыт ішінде керек қаражатты тез жинадық және Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі, супермаркет желісінің басшысы Наталья Лапшинаның көмегімен зардап шеккендерге ең қажетті тауарлардың топтамасын жинақтадық. Таңертең 9 мамырда біз жинаған азық-түлікті көлікке жүктеп, қажетті көмек Түркістан облысында аттанды», - дейді Наталья Булатова.

Мақтаарал ауданындағы зардап шеккен отбасыларға жіберген гуманитарлық көмекте іскер әйелдер ең қажетті заттарды жинауға тырысқан. Сусабын, тіспастасы, сабын, ылғалды майлықтар және т.б. тұрмысқа ең қажеттісін жинақтаған. Сонымен қатар іскер әйелдер жіберген көмекте балаларға киім-кешек және он қапшық қарақұмық жармасы да бар.

«Ешкімнен хабар күтпей жүк тасымалымен айналысатын қостанайлық жүргізушілерге алғысымызды білдіреміз. Осындай 9 мамыр сияқты мейрам күні жұмыла көтерген жүктің жеңіл боларын атағы да көз жеткіздік», - дейді Наталья Булатова.