«Жаңа мүмкіндіктер уақыты» немесе кәсіпкерлікке карантин қалай әсер етті

2020-05-18 13:49:00

Қазақстанда ТЖ режимі аяқталып, аймақтарда карантин шаралары біртіндеп жеңілдетілуде. Қазақстан іскер әйелдері өз-өзін оқшаулауда отырып не үйренгені туралы және де, алдағы уақытта бизнесті дамытуға, және де әр іскер ханымның өзін-өзі дамуына бұл жағдайдың қалай әсер ететіні туралы ойымен бөлісті.

Қазақстандық Баспасөз клубының президенті, Алматы қаласының Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Әсел Қараулова қашықтан жұмыс істеу дәстүрлі форматта жұмыс істеуден еш кем түспейтінін айтуда. Іскер ханым қашықтан жұмыс істеудің кей әдіс-тәсілдерін келшекте де қолданатынын айтуда. 

«Біз кеңседегі жұмысымызды қайта қарастырмақпыз.  Кей жұмыскерлер қашықтан жұмыс істейтін болады. Мен де кеңседегі жұмысымды айзататын боламын. Жаңа жақтан дамып, цифрландыруды тиімді пайдаланып, оны жалғастыруымыз керек. Меніңше, бұл құралдарды енді жиірек қолданбақпыз, өйткені уақыт пен ресурсты үнемдеумен қатар, оның  нәтижелілігі де кем емес. Өз-өзіңді дамыту тұрғысынан айтсақ, жеке басым өте жақсы онлайн-курстарына жазылдым. Жаңа дағдыларды үйреніп, спортпен айналысуға әдеттенген сияқтымын. Спортпен айналысу үшін жаттығу залына бару енді міндет емес, яғни ақша мен уақытты үнемдеймін. Жалпы бізге карантин адамға ойлағанымыздан аз нәрсе керек екенін көрсетті», - деді Әсел Қараулова.

«Asyl Arman» ЖШС-нің директоры, Шымкент қаласының Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Алма Архабаева онлайн жұмыс істеуге дайын емес жұмыскерлер де бар екенін айтты. 

Оның ішінде  карантинге кіші бизнес секторының дайын еместігін көрсеткенін тілге тиек етті.   

«Үлкен қалаларда қалай екенін білмеймін, бірақ қызметкерлер қашықтан жұмыс іздеуге дайын емес, нақтырақ айтсам, тұрақты түрде жұмысты осындай үлгіде жүргізуге дайын емес. Жинақылық жоқ, қашықтан жұмыс жасауға келіспей жатқандар да болды. Сондықтан қарапайым заттарды түсіндіруге тура келді. Жалпы, Шымкенттегі кіші және микробизнестің жұмысы тоқтап, кәсіпкерлер қарапайым табыс табу мүмкіндігі болмағаны аян. Негізгі көмек үлкен және орта бизнеске бағытталған. Десе де карантин ел ішінде отандық  өнімді дамыту басты мақсат екенін, оны  дамыту керектігін көрсетті. Тұтынушылар қымбат бағаға сырттан әкелінетін тауарды сатып алуына тура келеді. Карантин кезінде түйгенім – бірлесіп жұмыс жасауға мән беруіміз керек.қарапайым мысал келтірейін, жалға алушылар өтініш білдіргенде оны қолдадық. Мұндай жағдайда тек өз жеке басыңды ойламауың керек», - дейді Алма Архабаева. 

"Restauration" ЖШС-нің басшысы, Солтүстік Қазақстан облысының Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Айтықан Қалғаева карантин бизнесті шұғыл шешім қабылдауға үйреткенін айтуда. 

«Қытай тілінде «дағдарыс» сөзі екі иероглифтен тұратыны белгілі – қауіп және мүмкіндік. Егер мүмкіндік туралы айтсақ, біз бизнесмендер шұғыл шешім қабылдауға үйрендік. Жеке кәсіпті тез арада басқа бағытқа бұрып, сұранысқа қарай тез бейімдедік. Ұжымда, тіпті халық арасында «Біз біргеміз» деген акция кең тарады. Цифрландырудың арқасында бизнесті басқару сынды қажетті нәрселерді үйреніп, жергілікті билікпен белсенді араласа бастадық. Бұл жағдайдан жаңа мүмкіндіктерге жол ашты», - деп Айтықан Қалғаева  пікірін ортаға салды.