Халықаралық онлайн-көрмеге қолдаушы болар серіктес менторлар қажет

2021-04-19 13:41:00

2021 жылғы 27, 28, 29 сәуір және 21 мамыр аралығында Қазақстанда  «WOMEN'S ENTREPRENEURSHIP EXPO» көрмесі өтеді.

Көрмені ұйымдастырушысы Орта Азиядағы «БҰҰ-әйелдер» Құрылымы – кәсіпкерлік ортада тәжірибе жинаған іскер ханымдарды осы ісшараға тренер-тәлімгер ретінде қатысуға шақырады. 

Егер кәсіпкерлік ортада тәжірибеңіз болса, ағылшын немесе орыс тілін еркін  меңгерген болсаңыз, өз тәжірибеңізбен бөлісуге ниет танытсаңыз, онда іс-шараға хош келдіңіз!

Ментор ретінде ісшараға қатысу үшін төменде көрсетілген сілтеме арқылы өтіп, сауалнаманы толтыруыңыз қажет: https://cutt.ly/DvaEpwK

Ісшараның ұйымдастырушылары үміткерлермен хабарласып, жобаға қатысу ретін түсіндіреді (ісшараның өтетін уақыты, күні және т.б.)

Атап өтелік, ісшараға Қазақстаннан 150 іскер ханым қатысуға өтінім берген.

 «WOMEN'S ENTREPRENEURSHIP EXPO» - бұл бизнес иелері/құрылтайшылар мен жеке сектордағы әріптестердің бірлесіп даму жоспарын құруға, сондай-ақ бизнесті жаңа деңгейге шығару үшін таптырмас алаң.

Ісшара туралы толық ақпартты келесі сілтеме арқылы өтіп, білсеңіздер болады:  https://fundwomen.kz/ru/news/182