«BATYS SÁNI» - Атырауда ерекше сән көрсетілімі және бірегей көрме өтті

2019-11-29 03:53:00

Өткен аптаның соңында Атырау тұрғындары мен қала қонақтарына «BATYS SÁNI» - ерекше  сән көрсетілімін, сондай-ақ Атырау және Маңғыстау облыстарының дизайнерлері мен қолөнер шеберлерінің бірегей туындылары қойылған  жәрмеңкені тамашалау бұйырды.  Іс-шара 28-29 қарашада Bellagio Ballroom өтті.

Іс-шараның ұйымдастырушылары  - атыраулық және маңғыстаулық Іскер әйелдер кеңесі, «Маңғыстау облысы киім дизайнерлері одағы» қауымдастығы және «Маңғыстау облысының қолөнер шеберлерінің одағы» қауымдастығы. «BATYS SÁNI» жобасының басты  қолдаушылары қатарында  Тұрақты даму және әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қоры мен ALTYN OIMAQ Ұлттық байқауы, сондай-ақ  Асыл Дүзбаева және Ирина Нейбарт дизайнерлер бар.

Атаулы іс-шараның бірінші күнінде Іскер әйелдер кеңесі  елдегі  Fashion-индустрияның дамуы мен жалпы іскер ханымдар бизнесін қолдауға қатысты мәселелерді дөңгелек үстел барысында талқылады. 

«Бүгін осы кездесуге қатысып отырған ханымдар үлкен ерлік танытты десем артық айтпаймын. Бұлай айтуымының басты себебі, бұл іскер ханымдар отбасындағы шаруаларын кейінге қалдырып, Атырауда өтіп жатқан іс-шараға fashion-бағытын дамытуға өз үлесін қосу үшін алыстан келді.  Бұл Маңғыстау облысы Іскер әйелдер кеңесінің жиі қолданатын тәжірибесі. Бес жылда Кеңес ханымдары  нәзік жандыларға қандайда бір серпін беру үшін, олардың бастаған әр ісіне қанат бітіру үішн өңірдегі  әр ауданды, әр қаланы аралап шықты. Бұл жігерлендіретін үлкен іс. Бүгінде оның жемісін көріп отырмыз. Ұйымдастырылып отырған «BATYS SÁNI» арқылы өз миссиямыздың, алар бағытымыздың көкжиегін кеңейттік. Бұл іс-шара жаңа есімдерді танып, бірегей шеберлермен танысуға үлкен мүмкіндік ашылатынына сенімдімін», - деді Маңғыстау облысы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Сәуле Салихова.

«BATYS SÁNI» аясында 28 қарашада  Маңғыстау және Атырау өлкелерінің дизайнерлері ұсынған қыз-келіншектер мен балаларға арналған киім үлгілерінің көрсетілімі өтіп, авторлық шоу-рум өз жұмысын көрсетті. Ал келесі күні 29 қарашада дизайнерлер мен қолөнер шеберлерінің туындылары қойылған “Fashion Bazaar” жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Іс-шараның басты хедлайнері  Нұржамал Нүрпейісова бастаған «Нұр-Шах» сән үйі (Ақтау қаласы). 

Іс-шараның фотоларын сілтеме арқылы көруге  боладыФотогалерея