Қүлпаршын Айдарханова : «Дайын асқа тік қасықтың» заманы өткен

2020-01-13 07:35:00

Әйелдердің кәсіпкерлігін дамыту арқылы ауылда өмір сүрудің сапасы мен әл-ауқатын қалай арттыруға болады? Әлеуметтік маңызды мәселелерді шеше отырып, бизнесті қалай қатар дамытуға болады?  Бұл туралы Ақтөбе облысының Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Күлпаршын Айдарханова әңгімелеп берді.

 - Кулпаршын Алпысбайқызы, Сіз өңірлік Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы ретінде мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардағы әйелдермен  өте жиі кездесесіз. Осы кездесулерде Кеңестің қоғамдағы рөлін қалай түсіндіресіз?

 -   Кеңестің міндеті кәсібі қалыптасқан іскер әйелдердің әлеуетін ашу ғана емес, ауылды жердегі іскерлікке бейімі бар қарапайым әйелдердің кәсіппен айналысуына қолдау көрсету екенін үнемі айтып отырамын. Әйелдердің кәсіпкерлігін дамыту арқылы, олардың ауылды жерде өмір сүру сапасын жоғары деңгейге жеткізіп, әл-ауқатын арттыруға, қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге барынша араласуына қолұшын беру, өңірдің жалпы әлеуметтік-экономикалық өсуі жолында ауыл әйелдері үшін бизнес жүргізуге тең мүмкіндіктер жасау. Біреулерге бұл сөздер ұран сияқты естілуі мүмкін, ал біз үшін бұл бұлжымас қағида, жұмыс істеу стратегиясы болып табылады.

Мысал келтіре кетейін. Байғанин ауданынан шыққан жас қолөнер шебері Ақтөбе қаласында көрме ұйымдастырды. Жұмысы өте жоғары деңгейге лайықты. Біздің міндетіміз – іскер ханымдардың туристік саланы дамытудағы мүмкіндіктерінің бар екенін көрсетіп, оның шығармашылығың жандануына көмектесу. Өзім болған көптеген шет елдерден байқағаным, қолөнермен айналысатын шеберлер үшін бұл жақсы пайда әкелетін табыс көзі болып табылады. Ең бастысы сапасы мен ерекшелігін сақтай отырып, сол затты көрсете білу керек. Осы тұрғыда іскер әйелдер кеңесі  "ALTYN OIMAQ" атты ауқымды жобаны қолға алынғанын қуана айтуға болады. Елде көптеген жаңа дизайнерлердің аты танымал болып жатыр. Бұл болашақта елдің жеңіл өнеркәсібін дамытудағы үлкен үлес болып табылады. Бұл жобада атап өткендердің арасында ақтөбелік дизайнерлер де болды.  Мысалы, Әйгерім Мұратқызы мен Радина Батпенова.

  Жылдан жылға халыққа қызмет көрсету сапасы артып келеді. Бүгінгі күннің ең басты мақсаты - тұтынушыға деген адалдық пен жоғары сапа. Сондықтан Іскер әйелдер кеңесі кәсіпкерлерді әрдайым жаңаша ойлауға, білімін шыңдап, жанжақты болуға, шығармашылдықтың, жаңашылдықтың шыңында болуға үйретеді.


 - Ақтөбелік Іскер әйелдер кеңесі әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға үндейді деген пікір бар. Осы турасында ойыңызды білсек...

 - Өткен жылы өңірлік Іскер әйелдер кеңесі "Ақбөбек" балалар білім беру орталығы базасында қала тұрғындары мен отбасылық құндылықтар орталығының қоғамдық бірлестігімен бірге ауқымды қайырымдылық акциясын өткізді.  Аз қамтылған отбасылардың балаларына, көп балалы және балалар үйінің балаларына жылы киімдер берілді. Бұл бастама басқа облыстарда да жалғасын тапты.  Іскер әйелдер кеңесі өткен жылдың соңында Ақтөбе облысының тумасы, талантты актриса, продюсер Құралай Анарбекованың  «ВА-банк» фильмінің алғашқы көрсетіліміне ұйымдастырушы болды. Өткен жылы ІӘК мүшелері жалпы сомасы 15 млн.теңгеге қайырымдылық және демеушілік көмек көрсетті.

- Стереотиптерге қарамастан, кәсіпкерлік - көп жұмыс жасауды, уақытты талап етеді. Өз ісіңізді басқару мен қоғамдық жұмысты Төрайым ретінде үйлестіру қиын ба?

- Ең бастысы - нақты нәтиже беретін пайдалы істі жүзеге асырып жатқаныңды түсіну. Мен көп жылдан бері кәсіпкерлікпен айналысамын. Әрбір кәсіпкер сияқты биікке өрлеуді де, құлдырауды да бастан кешірдім. Мемлекеттік құрылымда жұмыс тәжірибем бар. Менің пікірім: бүгінде кәсіпкерлікті қолдау құралдары бұрынғыдан әлдеқайда көп.  Тағы бір айта кететін жағдай, өңірдегі, елдегі, әлемдегі экономикалық жағдайдан хабардар болып, дер кезінде харекет ете білуің керек. Сондықтан Кеңестің ең бірінші міндеті - ақпараттылық! Әйелдердің кәсібінде: «Дайын асқа тік қасықты» ешкім ұстата салмайды, арнайы мамандардан бастап бәрін дайындау қажет болады. Бірақ  өз ісіңе бар ынтаңмен кірісіп, табысқа жетуді мақсат етсең, қызықты жобаларды жүзеге асыруға, жаңалықтарға ұмтылсаң, тереңдіктерден қорықпасаң – Іскер әйелдер кеңесі үлкен ақпарат ағынынан қалыс қалмауға және өз еліміздің барлық өңірлері мен шетелдердегі қарқынмен үйлесуге көмек көрсетеді.

Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанова, өңірлерге келген сапарында біздің кәсіпкер әйелдерімізді үнемі керемет мотивация беріп кетеді.

Осыдан он жыл бұрын мен біздің өңірден белсенді және өршіл әйелдерді аса байқамайтынмын. Ал бүгінгі таңда біздің ханымдар қаланың инфрақұрылымын жақсартып, арт-салондар құрып, бизнес-жаттықтырушыларды өз ұжымдарына шақырады, жаңа идеялар мен серіктестерді іздеп алыс және таяу шетелдерге форумдарға барады. Бұл қуантарлық жағдай. Уақыт қарқынынан қалмай, білімді шыңдау іскер ханымдарға қойылатын заман талабы. Бүгінгі бизнес-ханымдар әлемнің кез келген жерінен тәжірибе алмасудан өтуге дайын. Біз бұл туралы он бес жыл бұрын ойладық па? Қазіргі уақытта скандинавиялық академиялық ұтқырлық институты біздің әйелдерді тәжірибе алмасуға  шақыруда. Скандинавия елдерінде өмір стилін өзгерту бойынша мол тәжірибе жинақталған. Онда салауатты өмір салтын ұстанғанды, жеке кеңістікті сыйлағанды және мәдени құндылықтарды жоғары бағалайды. Осыған байланысты алғашқы топты наурыз айында қабылдауға дайынбыз.

 - Кеңес тек бизнес сегментімен жұмыс істейді ме? Не болмаса басқа да ерекше жағдайлар жасауға тура келетін кездер болады ма?

Өңірлік Іскер әйелдер кеңесі қызметінде тек кәсіпкерлер ғана бар деп айту қателік болар. Мысалы, біздің Кеңестің мүшесі және облыстық ҮҰ төрайымы Айгүл Дүйсенова деструктивті діни ағымдарға сүйенген әйелдермен "Ана мен бала әлемі" форумын өткізді.

Өңірлік палатаның қолдауымен, Іскер әйелдер кеңесінің белсенділері өткен жылдан бастап әйелдердің жұмыссыз категориясымен кездесу өткізуді қолға алды. Жүргізілген сауалнама көптеген әйелдер жұмыссыз екенін көрсетті. Олардың жұмыс жасауына діни нанымдары мен үйдегі отбасы мүшелері кедергі келтіретінін де байқадық. Біз бұл көзқарасты өзгертіп, осы әйелдердің мамандық алуына, олардың қазіргі заман талабына сай жаңаша шынайы әлеуметтік тұрғыдан қалыптасуын мақсат етіп қойдық. Бізге Орталық мешіттің оқытушылары тыңдаушылар аудиториясын жинауға көмектесті. "Глобал-Спецодежда" ЖШС жанынан құрылған "Үміт" оқу-өндірістік комбинатында кездесулер мен оқытулар жүргізілді. Жетекшісі - Надежда Шабаева, кеңестің белсенді мүшесі. Дәріс өз кәсібін бастауды және өзі сүйіп жасайтын шаруасын жеке кәсіпке айналдыруды армандайтын әйелдерге көмек көрсетуге арналған. Білім беру бағдарламасына әйелдердің өз кәсібін жасап және жаңа жұмыс орындарын ашу дәрісі енгізілді. Жалпы, әйелдерді бизнеске тарту мақсатында іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі. Айта кету керек, жұмысқа шығармашылық тұрғыдан келсек. Мысалы, Марина Деркач кәсіпкерлермен және суретшілердің жұмыстарын үйлестіре отырып, салон кештерін өткізеді. Бұл бәріне шабыт сыйлайтын шараның бірі. Надежда Шабаева "Мейірім" орталығының тәрбиеленушілеріне тігін ісінің негіздерін үйретіп, бірнеше жас қызға компания есебінен кесте тігу мен дизайнды оқытты. Мәлік Дүйсенбаева жаңадан ашылып жатқан ателье иелерінің тәлімгері. Мәртөк, Қарғалы, Ойыл аудандарына барған сапар нәтижесінде, ондаған кәсіпкер әйелге өз ісін бастауына көмегі тиді.

- Кеңес төрайымы ретінде  сізді не шабыттандырады және жігерлендіреді?

- Іскер әйелдер кеңесінің белсенді жұмысын облыс билігі мен аудан әкімдері жоғары бағалайды. Ауылдық жерлерде халықты кәсіпкерлік қызметке баулу қиын екені ешкімге құпия емес. Ауыл әйелдерінің екінші слетіні, тренингтердің, семинарлардың, көрмелердің, ауылдық округтердегі көптеген көшпелі шеберлік сағаттардың арқасында біз ауыл әйелдерінің іскерлік әлеуетін анықтай алдық. ІӘК мүшелері Малика Дүйсенбаева мен Надежда Шабаева ауыл әйелдерімен кездесуде өз жеке бизнесін аяққа тұрғызудағы тәжірибелерімен бөлісіп, оларды жігерлендіріп отырды.


 - Кеңестің алдағы жоспарларының маңыздылығы неде?

- Осы жылдан бастап біз жастарды белсенді түрде қатарға тартамыз. Бүгін жаңа ұрпақ онлайн-бизнесті дамытуда және бұл үрдісті назардан тыс қалдырмауымыз керек. Жас қыз-келіншектер интернет-дүкендер, онлайн-мектептер ашып, онлайн-алаңдарда жұмыс істейтін болады.

Қазақстандық кәсіпкерлер ұрпақтар сабақтастығын  - зерттеуді қажет ететін көлемді жұмыс. 90-шы жылдары өз ісін тәжірибелі жолмен дамытқан кәсіп иелері мен қазіргі дайын бизнес-құралдары бар, бірақ әлі де табандылық пен қарапайым еңбексүйгіштік пен коммуникация дағдысын дамытуы қажет буынның өзара байланысын қалай табу керек. Сондықтан 2020 жылға арналған жоспарлар іскер буынның қалыптасуымен тығыз байланысты. Ол үшін біз ауқымды "Бilim - 2020"республикалық жобасын өткізуге дайынбыз. Қазір өңірлік Іскер әйелдер кеңесі кең ауқымды стратегиялық жоспар әзірлеуде. Жобаны жүзеге асыру мақсатында - Кеңес мүшелері Финляндия мен Санкт-Петербургке іссапарға барады. Сондай-ақ, ауыл кәсіпкері бейнесін насихаттау мақсатында ауыл бизнес орындарына пресс-турлар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Алдағы уақытта жетекші бизнес-жаттықтырушылармен онлайн – оқыту, кәсібін енді бастағалы жатқандар үшін ұсыныстар жәрмеңкесін өткізу жоспарымызға алынды.

Қазір Ақтөбеде сұранысқа ие қызметтердің түрлеріне қатысты мысалы келтірейін. Өңірде мектептен оқушы тасымалдау үшін жүргізуші әйелдердің қызметтері аса қажет. Қыз-келіншектермен  жеке жұмыс істейтін стилисттер сұранысқа ие. Мектепке дейінгі балаларға арналған бағдарламалар да өзекті бағыт. Сапалы клинингтік қызметтердің тапшылығы бар. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға әрдайым сұраныс жоғары. Жыл сайын егде жасқа толғандарға назар аударылуда. Ал қазір 70 жасқа толғандарға демалыс ретінде тойдан басқа не ұсынылады? Ретро би, вокал клубтары қажет. Туристік саланы да дамыту маңызды. Жергілікті кәдесый өндірісін жолға қою, өңірдің көрікті жерлері туралы роликтер шығару. Кәсіпкерлікті бастауға сала жеткілікті.

Іскер әйелдер кеңесі биыл осы бағыттарда жұмысты жалғастыру керек деп есептеймін.  Әсіресе көпбалалы аналармен тығыз жұмыс жасау керек. Өйткені, отбасының әл-ауқаты оның мүшелерінің белсенділігіне тікелей байланысты. Бұл тұрғыда бізге отбасылық құндылықтар орталығымен бірлесіп халықпен ақпараттық және ағартушылық жұмыстар жүргізу алда тұрған мақсат. Күн сайын Іскер әйелдер кеңесінің жұмысы әлеуметтік желілерде жарияланады және бұл өз ісін ашуды ойластырып жүрген қыз-келіншектер үшін де маңызды.

 Ал Іскер әйелдер кеңесінің әрбір мүшесінің тәжірибесі бірегей. Тек бір ғана тілек – харекет етіңіз! 

- Сұқбатыңызға көп рақмет! Жаңа бастамаларға сәттілік тілеймін!