«Киіз үйде қазақтың ұлттық болмысы жатыр». Сауле Салихова "Аңыз тұлға" жобасы туралы

2020-01-14 06:27:00

 Қазақстан  салт-дәстүр мен мәдени мұраға бай ел. Тарих қоғамдық тәртіпті, әдет-ғұрып пен талғамды өзгертеді. Алайда, әрбір өңірде ұлттық өнерді тек сақтап қана қоймай, оны келер ұрпақтың бойына дарытуға, қазіргі заманға сай бейімдеуге дайын нағыз шебер-қолөнершілер бар. Бұл үдерісті жүйелі негізге қою мақсатында "Атамекен" ҰКП Іскер әйелдер кеңесі  "Аңыз тұлға" атты арнайы жобаны қолға алды. 

Маңғыстау облысы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Сәуле Салиховамен жобаның бірегейлігі мен тиімділігі туралы әңгіме өрбіттік.  

- Сәуле Халелқызы, жаңа жобаның мәні неде және бұл жобаны қолға алуға не себеп болды

- Қоғамдық және кәсіпкерлік қызмет аясында мен Маңғыстау облысының аудандарына жиі барамын. Біздің өңірде нағыз қазақтың киіз үйінжасау дәстүрі сақталған, сонысымен де ерекшеленедіОған дәлел - Қазақстанның Ұлттық мұражайындағы жалғыз киіз үй Маңғыстауда жасалған.


 Бұл кездейсоқтық емес, өйткені қазақтың ою-өрнектерінің түп нұсқасы осы өңірде сақталған. Егер еліміздің оңтүстігінде біздің мәдениетімізге енген – өзбек, ұйғыр, дүнген ою-өрнектері бар киіз үйлер кездесетін болса, Маңғыстаудағы әрбір өрнек қазақи оюдың нақышын сақтаған.

Іс-сапарлар барысында өңірде киіз үй жасайтын шеберлермен таныстым. Олардың көбі жетпіс жастан асқан апаларымыз! Сол кезде ол кісілер өсіп келе жатқан ұрпаққа өз тәжірибесі мен білімін беруі үшін 3 жыл әрі кетсе 5 жыл ғана уақытеншімізде қалғанын түсіндім. Өйткені шебердің жасы ұлғайған сайын оған өзінің өнерімен бөлісу де қиындай түсетіні анық.

Қазақстан Қолөнершілер одағының президенті Айжан Бекқұловамен тілдескен кезде шетелде шеберлерге көрсетілетін қолдау шаралары барын естіп, қызығушылық таныттым. Шынымды айтсам, Үндістанда, Тайландта, Өзбекстанда арнайы әзірленген және бірегей бағдарламалардың көптігіне таң қалдым. Шын мәнінде, Азия елдеріндегі қолөнер мен бірегей технологиялар арнайы қолдау бағдарламаларының арқасында ғана сақталған. 

- Ал елімізде жағдай қалай?

- Қазақстанда мұндай жобалар жоқтың қасыдесе де болады. Іскер әйелдер кеңесінің жыл сайынғы конгресінде, барлық өңірлік және республикалық алаңдарда, Үкімет мүшелерінің алдында бұл мәселені айтып, талқыға салды. Осылайша осы жобаның басталуына жол ашылды


Біз Маңғыстау облысында  қолөнердің осы бағытын талдап, киіз үй жасаумен айналысатын 20-ға жуық әйелді анықтадық, жас ерекшелігіне қарай олардың тек төртеуі шеберлігін кейінгі ұрпаққа үйретуге, бір сөзбен айтқанда оқытуға кірісе алады. Өзіңіз ойлап көріңізші, тек 4 шебер! Біз сондай-ақ бүкіл Қазақстан бойынша жағдайды зерделедік, тек 15-ке жуық нағыз шеберлер өз білімдерімен бөлісуге дайын.

Сөз орайы келгенде айта кетейін, Өзбекстандатәжірибелі қыштан бұйым жасайтын шеберлер ұлттық өрнектің көгілдір-көк бояудың құпиясын ашқан. Оның басты сыры - күнге күймейтінқұрамында екенін естідім. Самарқандтағы көгілдік-көк түсті нақыштың әдемілігін көз алдыңызға елестетіңізші!  Ол шебер 65 жасқа келіпті, бүгінде мемлекеттік қолдаудың арқасында оның мыңға жуық шәкірті бар. Қазақстанда әзірге мың адам қажет емес, бірінші кезеңде 30 адамды оқытсақ та жеткілікті. Бұл орайда олар киіз үй жасау өнерін бүге-шігесіне дейін үйренуі қажет. Өйткені киіз үйді жасау өте күрделі, киіз үйде қазақ халқының болмысы жатырСондай-ақ бұл тек киіз үйге ғана емес, барлық ұлттық қолөнерге қатысты.  

- Бұл идея қалай қабылданды? Жобаны қай өңірде іске асыру жөнінде және қандай қолөнер түрін қамту турасында анықталған жоспар бар ма?

Алдымен Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларын қамтуды жоспарлап отырмыз, мұнда туристер ағыны көп, содан кейін табиғаты бірегей Шығыс Қазақстан өңірін, теңізі бар, тауап ететін жерлері бар, сондай-ақ табиғи көрінісі керемет Маңғыстау облысын, бір ғасырлық даму тарихы бар Түркістан облысын қамтуды көздеп отырмыз. Егер тәжірибе ойлағандай табысты болып жатса, онда бүкіл Қазақстанды қамтимыз, өйткені әрбір облыстың өзінің ерекшеліктері мен дәстүрі бар. Ең бастысы, әрбір өңірдің өз шеберлері, қызығушылық танытатын, шығармашылық адамдары бар.  Біз қолөнершілер форумында жобаны таныстырғанда, оған барлығы үлкен қызығушылық танытты.

- Жақсы бастама екен. Тәжірибелі шеберлер өз тәжірибесін беруге келісті делік. Дегенмен,қазіргі жастар тәжірибе алуға қаншалықты дайын? 

Маңғыстаулық жастар қызығушылық танытатынына сенімдемін.  Мұнда әр отбасы дерлік әдет-ғұрып пен салт-дәстүрді барынша ұстанады және жастарды да осыған тартады. Біз жобаны үш жылға пилоттық режимде іске қосуды ұсынып отырмыз. Нені түзету керектігін, қай өңірге тарату керектігін алдағы уақытта шешеміз. 

- Тәлімгер ретінде міндетті түрде әйелдер өнер көрсетуі керек пе? 

- Жоқ, бұл міндетті емес. Қазақстанда қолөнермен айналысатын ер кісілер көп. Мен Алматыда қолдан домбыра жасайтын шебер бар екенін білемін, оның өнімі өте қымбат тұрады. Ол кісінің де жасы біразға келіп қалды, оның шәкірті бар ма? Ал егер арнайы бағдарлама болса, жабдықтар берілетін болса, егер біз әрбір шебер шәкірт оқытқаны үшін ақша алатындай етіп жасайтын болсақ, ал әрбір шәкірт стипендия алатын болса, онда қызығушылық тек арта түседі, бастысы, дәстүр жоғалмайды. 

 Шетелде осындай бағдарламалар аясында шеберлерге бірегейлігі үшін, шәкірт оқытқаны үшін бөлінетін сома теңгеге шаққанда айына 1 миллионға жетеді екен, мен соны білдім. Менің ойымша, бізге бірінші кезеңде қолөнершілерге шәкірт тәрбиелегені үшін 400 мың теңге төлеген жөн. Қолөнерші үшін бұл аз болмайтын сома. Біріншіден, ұлттық қазынаны сақтап қаламыз, лайықты шәкірт тәрбиелейміз, екіншіден, бар жағынан бірегейлік танытатын ұлттық қолөнер орталықтарын ашамыз. Қазақстанда мұндай тәжірибе әзірге жоқ. Қайталап айта кетейін, біздіңеншімізге берілген уақыт 3 жыл, әрі кетсе 5 жыл.

 

- Сіз Қазақстанды көп ғасырлық тарихы, бай мәдени мұрасы бар басқа мемлекеттермен салыстырасыз. Ал біздің ұлттық мәдени болмысымыздың бірегейлігі неде?  

Ата-бабамыз қашанда азаттықты, еркіндікті бағалаған. Ол қыр адамы, қазақтың төл мәдениеті көшпенді өркениетке тән. Қазақ бір орынға ешқашан байланған емес. Өзбек мәдениеті отырықшы, ал қазақи болмысы көшпенділікпен үйлескен, ол өзі ғана көшіп жүрмеген, ол отбасымен, бүкіл ауылымен, руымен көшіп жүрген. Және де отбасы мүшелерінің басты міндеті  көшуге жағдай жасау, барынша ыңғайлы ету болған. Біздің бірегейлігіміз міне, осында. Біз өмір салтымызды өзгерттік, бірақ еркіндік рухын, тілімізді, дәстүрімізді сақтап қалдық. Соншама қудалаудан кейін де мәдени болмысты сақтап қалуымыздың өзі үлкен ерлік. Бұл, бәлкім, халқымыздың, жеріміздің рухы шығар. 

Қазіргі жастар өз тамырына аса мән бере бермейді, көпшілігі виртуалды әлемнің жетегінде екені шындық. Дегенмен, байланыс үзілмесе екен, осы мәдени мұра ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа берілсе екен дейміз. Сондықтан да Маңғыстау облысының заманауи мейрамханасында ұлттық киіз үйлер тұрғанын көргенде қуанып қаламыз. Безендіру үшін, әдемілік үшін емес, мейрамхана иелерінің ата-әжелерінен мұраға қалған, сақталған көне киіз үйді көргенде, ол үйлерде ұлттық дәстүрлер өткізіліп жатқанын көргенде қуанышымыз қойнымызға сыймай кетедісалт-дәстүріміз жоғалмайтынына сенімің артады.

- Заманауи киімде ұлттық нақыш қолданыла бастады... Осы турасында ойыңызды білсек..

Иә, бұл үрдісті жиі байқаймын, әсіресе Ақтауда. Бұрын ұлттық нақыштағы ескі киімдерді жарамсыз деп тастап жататын, қазір, керісінше, сақтауға тырысады. Жақсы өңделген киіздің өзінен көйлек, пальто тігіп киіп жатыр. Оның үстіне бүкіл әлем табиғи өнімді тұтынуға бет бұрды емес пе?! Үй әбзеліне, көрпешеге бүгінде сұраныс мықты.

Қалай ойлайсыз, ұлттық киімді Біріккен Араб Әмірліктеріндегідей күнделікті өмірде киетін боламыз ба?

- Бұл бірден бола қояды деп ойламаймын. Азия елдерінің ішінде, әсіресе, біз еуропалық сарынға жақынбыз. Шындығында, талғам еркін, бізге әдемі, ашық түсті әрі ыңғайлы киім ұнайды. 

Дегенмен, дизайнерлеріміз көңілімізден шығатын киім ойлап тапса, неге кимеске?! Ол үшін киімді күнделікті өмірге ыңғайлы етіп жасайтын ұлттықдизайнерлер буынын тәрбиелеп өсіру керек. Өткен жылы өткен «Аltyn Oimaq» байқауының басты мақсатының бірі осы болатын. Мысалы, Маңғыстау облысынан келген Сәкен Қаржаубаев «QAZAQ» былғары аксессуарлар жеке брендін қалыптастырған. Іскер адамға аса қажет өте сапалы аксессуарлар үлкен сұранысқа ие. «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген аксессуардың үздік дизайны» номинациясы бойынша Сәкен байқау жеңімпазы  атанды, оның болашағы зор екеніне сенімдіміз (Аltyn Oimaq байқауының жеңімпаздары туралы матреиалға сілтеме https://fundwomen.kz/ru/news/68).

Есімде қалған бір оқиғамен бөлісейін. Мен жыл сайын Миланда өтетін жиһаз көрмесіне барамын. Соңғы екі жылда аңғарғаным – көрмеге Украинадан келуші ер азаматтардың басым бөлігіөздерінің кестеленген ұлттық жейделерімен келеді, ал қыздары ұлттық белдемшелерін де тағып алады. Олардың өз еріктерімен солай киініп келгендері көрініп тұрады. Олар өз елдерінің мәдениеті мен дәстүрлерін дәріптеуге дайын. Ойлаңызшы, қазақ қыздары да ұлттық нақыштағы киіммен келсе, қандай керемет болар еді! Ұлттық киімді қазіргі заманға сай ету, әрі күнделікті киюге ыңғайлы ету – бұл уақыт еншісінде. Аймақтардағы іскер әйелдер кеңесі отандық дизайнерлер мен қолөнершілерді жан-жақты қолдау үшін іс-шаралар ұйымдастыруда. Мен әлемді заманауи ұлттық қазақ киімінде аралауды армандаймын. Бастысы, ол ыңғайлы болуы керек. Арманымның орындалатынына кәміл сенемдімін.

Сұқбатыңызға рақметәр бастамаға сәттілік серік болсын!