Көп балалы ана «Бастау» жобасы арқылы құс шаруашылығын қолға алды

2020-01-29 08:45:00

Анна Әубәкірова – Бородулиха ауылының тұрғыны, 2019 жылдың көктемінде «Бастау» жобасымен кәсіпкерлік негіздерін оқыған көп балалы аналардың бірі

Өткен жылдың мамыр айында өткен курсқа келіншек ауыл аймақ үшін өзекті дайын бизнес-идеямен келген. Анна Алексеевна үй құсын өсіруді қолға алмақ, өсірілген құстың жартысы сатылады, жартысы – отбасы қажеттілігіне қалады. 

Оқу барысында Анна бизнесті жүргізу бойынша пайдалы ақпарат алды. Оқуда жеке кәсіпті ашуға ерекше құлшыныс танытып, белсенді болды. Курс аяқталған соң келіншек грант алуға құжаттар тапсырды. 

 «Кәсіпкерлер палатасының Бородулиха аудандық филиалы қызметкерлеріне көп рахмет, олар жобама сүйемелдеу көрсетіп, басынан аяығна дейін көмектесті. Менеджерлер бизнес-жоспар құру, қажетті есептерді жүргізу, жеке кәсіпкерлікті ашуға көмектесті, жалпы алғанда бір ай оқу қызықты әрі пайдалы өтті», – деді көп балалы ана. 

 2019 жылдың тамыз айында Анна Әубәкірова 200 АЕК көлемінде грант алды. Осы сомаға барлық қажетті жабдық: шөже өсіруге арналған инкубатор, балапан шығару шкафы, генератор, үздіксіз қөректендіру блогы сатып алынды. 

 Енді 2020 жылдың көктемін күті қалды, сол уақытта жұмыртқа салу процесі басталады. Әзірге сыйымдылығы 386 жұмыртқаны құрайтын инкубаторға тауық жұмыртқасын орналастыру жоспарланған. Инкубаторға жұмыртқа салумен жұмыс бітпейді, дейді бизнес ханым, балапан шығару бойынша бірнеше партия болады деп күтілуде. 

 Өз бизнесіне «Бастау» түлегі тексерілген орындардан ғана жұмыртқа сатып алады. Өскемен қаласында Данил атты жас жігіт тұрады, ол осындай бизнесті бұрыннан бері жүргізіп келеді. Өскемендік кәсіпкерден инкубатор, арнайы шкаф сатып алынды, білікті кәсіпкер Анна Әубәкіроваға бизнесті дамытудың алғашқы кезеңдерінде көмектесуге уәде етті. 

 Ал біз Анна ханымға бизнес жүргізуде табыс, Бородулиха ауданында құс шаруашылығын дамытуда сәттілік тілейміз.

Дереккөз: atameken.kz