Кеңестің мақсаты – Қазақстан Республикасындағы әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға қажетті кешенді шараларды әзірлеу, сараптамалық бағалау және оны ілгерлету, мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың өзара әрекеттесуін үйлестіру болып табылады.
Іскер әйелдер кеңесі «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанынан (бұдан әрі – Кеңес) құрылған. Өңірлік кәсіпкерлер палаталары алаңдарында Өңірлік іскер әйелдер кеңестері, сондай-ақ, аудандық деңгейде дәл осындай кеңестер жұмыс істеуде.
Кеңесті құрудың басты идеясы – өңір әйелдерінің іскерлік ортадағы белсенділігін күшейту.
- Іскер әйелдердің экономикалық белсенділігін ынталандыру;
- Әйелдердің жеке кәсіпкерлікке барынша тартылуын, олардың экономикалық бастамаларын қолдау және экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту.
- Республикадағы шағын және орта бизнесті қаржыландыру жүйесі туралы ақпараттық-ағартушылық қызметті ұйымдастыру;
- Кәсібін жаңа бастаған іскер әйелдерге ұйымдастырушылық, әдістемелік, консультациялық және ақпараттық қолдау көрсету;
- Әлеуетті бизнес-идеяларды, жобаларды қолдау;
- Іскер әйелдердің экономикалық құзыреттілігін арттыру және олардың арасындағы іскерлік байланыстарды нығайту;
- Өңірлердің, қалалар мен кәсіпорындардың экономикалық дамытудағы барынша тиімді тәсілдері бойынша кәсіпқой іскер әйелдердің тәжірибе алмасуын жолға қою;
- Қазақстандық және шетелдік іскер әйелдердің арасындағы сындарлы диалогты жолға қою, оның ішінде қазақстандық және шетелдік іскер ханымдардың экономикалық әрі мәдени қарым-қатынасын нығайту;
- Шетелдік іскерлік ортада елдегі іскер ханымдардың беделін танытып, оң имиджін қалыптастыру.